Израильде аялдама тұрған адамдарға оқ атылып, 2 адам мерт болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иерусалимде террористің аялдамада тұрған адамдарға оқ атуынан 8 адам жарақат алды. Осы елдің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің мәліметтерінше, жарақат алған екі адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат utro.ru сайтына сілтеме жасап.

Бұл қайғылы оқиға жексенбі күні таң ата болды. Полицияның орталық штабының маңында орналасқан қоғамдық көліктер тоқтайтын аялдамада тұрған адамдарға 39 жасар араб оқ атқан. 

Оқиғадан соң бірден лаңкестің ізіне түскен құзырлы орган өкілдері оны Шейх Джарах орамы ауданында қолға түсірді. Атыс кезінде полиция қызметкері де жарақат алды.