Бұл қайғылы оқиға жексенбі күні таң ата болды. Полицияның орталық штабының маңында орналасқан қоғамдық көліктер тоқтайтын аялдамада тұрған адамдарға 39 жасар араб оқ атқан.
Оқиғадан соң бірден лаңкестің ізіне түскен құзырлы орган өкілдері оны Шейх Джарах орамы ауданында қолға түсірді. Атыс кезінде полиция қызметкері де жарақат алды.