Израильде - дағдарыс, ел экономикасы тұралады
Бұл туралы жергілікті Орталық статистикалық бюро өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды 24.kz. Себебі соңғы уақытта ел экономикасының өсімі күрт баяулаған. Екінші тоқсан қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш небәрі 0,1%-ға тұрақтап, экономистердің болжамынан 3 есе аз болып шықты. Ел экономикасының тұралап қалғаны соншалық, қарызға белшесінен батқан Грекия экономикалық өсім жағынан Израильден озып тұр.
«Израиль экспорты күрт төмендеп кетті. Елдегі ауыр жағдайдан, әсіресе кішігірім кәсіпкерлер орасан зардап шегіп жатыр. Ал ірі экспорттаушылар қайта амалын тауып, тіршілік етуде. Тұтыну көрсеткіштері де тым аз. Израильдіктер шетелге шығып, демалуды азайтпағанмен, өз Отанында баяғыдай сауда-саттық жасамайтын болған. Осы жайт ел экономикасына таяқ болып тиіп отыр. Келер жылғы жағдай бұдан да қиын болуы мүмкін»,-дейді экономист Юрий Легков.