Кемежайға шақырылған археологтар корабльдің бұрын ежелгі рим тұрғындарының меншігінде болып, шамамен 1,5 мың жыл бұрын суға батқанын мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, кеменің бортында қоладан жасалған бұйымдар, мүсіндер, құмыралар және ақша болған.
Сарапшылардың шамалауынша, кеме апаты біздің заманымыздың IV ғасыр ортасында рим императоры Ұлы Константин билігі кезінде орын алған.
Антика құдайларының қола мүсіндері мен көптеген тиындар, барлық жасанды заттар өте жақсы сақталған, деп жазады «Комсомольская правда» сайты.