Израильде мешітке бет алған жасөспірімді қабан талап тастады

АСТАНА. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Бұл оқиға өткен аптаның соңында Израиль аумағындағы Умм әл-Фахмеде орын алған болатын. Таңертеңгісін үш қабан мешітке бет алған 16 жастағы жасөспірімге шабуыл жасап, бозбаланы тістелеп тастаған, деп хабарлайды muslim.kz.

Зардап шеккен бозбала қабандардың өзін әлдеқайда әкетпек болып, жанталасқанын жеткізді. Ол қазіргі уақытта ауруханада алған жарақатына байланысты ем қабылдап жатыр.