Көптеген сайлау учаскелері таңғы сағат 7-де ашылып, кешкі сағат 22.00-ге дейін жұмысын жалғастырады. Кей ауылдар мен мамандандырылған сайлау учаскелері бір сағаттан кейін, таңғы сағат 8-де ашылды.
18 жастан асқан Израиль азаматтары дауыс беруге құқылы.
Азаматтық алғанына 60 күн толған иммигранттар да дауыс беруге құқылы, қыркүйек айының басына дейін Израиль азаматтығын алған 45 мыңға жуық израильдік бар.
Тель-Авивтегі сайлау учаскелерінің біріне таңертең Израиль премьер-министрі Яир Лапид әйелімен бірге келді.
Негізгі күрес оппозиция жетекшісі және Ликуд партиясының басшысы Беньямин Нетаньяху блогы мен қазіргі премьер-министр, екінші ірі «Еш Атид» партиясының жетекшісі Яир Лапидтің лагері арасында өтеді.
Биньямин Нетаньяху парламенттің басым (120 мандаттың 61-і) қолдауына ие болса, премьер-министр лауазымына қайта оралуы мүмкін.
Фото: www.timesofisrael.com