Израильде туристер ақпан айында рекордтық көрсеткіште тіркелді

АСТАНА. 15 наурыз. ҚазАқпарат - Таяу Шығыстағы жағдайға қарамастан, Израильдегі туристік сала қарқынды дамып келеді. Туризм министрлігінің берген мәліметіне қарағанда, осы жылдың ақпан айында қасиетті жер саналатын Израиль еліне рекордтық көрсеткіште 232 мың турист сапар шеккен.

Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 6 пайызға жоғары.