Израильдегі еврейлер саны АҚШ-тан асып түсті

АСТАНА. 5 сәуір. ҚазАқпарат - Осы уақытқа дейін еврей­лер ең көп қоныстанған ел АҚШ болып келгені рас. Алай­да қазіргі көрсеткіштер өзгеріп жатыр,

деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

Израильдегі еврейлер саны 6 миллионға жетті. Ал АҚШ-тағы еврейлер саны қазір ша­мамен 5 жарым мил­лионды құ­райды. Оның 2 мил­лионы Нью-Йорк маңын қоныс­танған. Ие­ру­салимдегі Еврей универ­си­тетінің мәліме­тіне сүйенсек, әлемде 13,5 млн еврей бар. Қазір біртіндеп Израильге шоғырлану құбы­лы­сы жүріп жатыр. Израильдің жалпы халық саны 8 миллион­ды құ­рай­ды. Мұндағы араб­тар­дың саны 1,5 миллионның ша­масы. Қал­ған тұрғындар - шы­ғы­сеуропалық нәсілді азамат­тар.