Израильдік және иорданиялық БАҚ хабарлағандай, тыныс алуы қиындаған 80-нен астам адам ауруханаға жеткізілді.
Израиль билігінің хмәлімдеуіне қарағанда, бұл жердегі экологияның қалпына келуіне бірнеше айдан бірнеше жылға дейін уақыт кетуі мүмкін.
Мұнай құбыры сәрсенбі күні кешке Эйлат қаласынан 20 шақырым жердегі жөндеу жұмыстары кезінде зақымданған.
EAPC мұнай компаниясы өкілдерінің айтуынша, мұнай құбырдың жаңартылған жерінде төгілген.