бақылауды бұзған деп айыптап отыр. Бұл туралы The Daily Telegraph-қа сілтеме жасай отырып, Лента. ру хабарлады.
Прокуратураның берген мәліметіне қарағанда, шетел азаматы жалпы құны 2 миллион доллардан астам сомаға 1,7 келі алмаз тасын алып шықпақшы болған.
Әуежай қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерімен сөйлесу кезінде секем білдірген, азаматтық әуе ұшқышының киімін киіп алған Клейн қосымша тексеруден өтуге мәжбүр болды. Тексеру барысында жүк сөмкесінен пластикалық пакетке және бірдолларлық банкнотқа оралған өңделмеген алмаз тастары табылды.
The Daily Telegraph газетінің жазған мәліметіне сүйенсек, күдікті әуе компаниялардың бірінде ұшқыш болып жұмыс істеген.
Айта кетейік, Зимбабве өңделмеген алмаз тастарын өндіру бойынша әлемдегі нарықта жетекші орынға ие.