Израильдіктер адамды арықтататын электрондық дәрі ойлап тапты

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильдік ғалымдар адам аш болса да миға «тойып тұрмын» деген ақпарат беретін электронды таблетка ойлап тапты, деп жазады rosbalt.ru.

Инженерлер ойлап тапқан таблетканың асқазанды кішірейтуге де септігі тиеді, деп хабарлады Myjane порталы.

Дәрі ас қабылдауды асқазан бұлшық етінің қысқаруы ретінде танып, ағзаның өзін алдауына мәжбүрлейді. Электронды капсула мобильдік телефон қосымшасының көмегімен бақыланады.