Израильдің бұрынғы премьері Ариэль Шарон қайтыс болды

АСТАНА. 11 қаңтар. ҚазАқпарат - Израильдің бұрынғы премьері Ариэль Шарон 85 жасында қайтыс болды.

Бұған дейін дәрігерлер оның денсаулығы нашар екенін мәлімдеген еді. Ариэль Шарон 8 жыл ес-түссіз жатты, бірнеше күн бұрын оның маңызды органдары жұмыс істеуін тоқтатқан, деп хабарлайды ria.ru.