Израильдің бұрынғы президенті қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильдің бесінші президенті, бұрынғы білім министрі Ицхак Навон 95 жасқа қараған шағында өмірден озды. Қайтыс болу себептері белгісіз.

Ол 1978 жылдан 1983 жылға дейін ел президенті болған. Халқы оны әлеуметтік теңсіздікпен және сауатсыздықпен күресуші ретінде таниды. Сондай-ақ жазушы, драматург ретінде де танымал, деп жазады РИА Новости.