Израильдің бұрынғы президенті Перес ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильдің экс-президенті Шимон Перестің жүрегі ауырып ауруханаға жеткізілді.

Оның ресми өкілінің хабарлауынша, 92 жастағы Перес Тель-Авивтегі ауруханалардың біріне тексерілу үшін жатқызылған.

14 қаңтарда саясаткердің жүрегіне ота жасалып, арада бес күн өткен соң үйіне шығарылған болатын.

Шимон Перес 2007 - 2014 жылдар аралығында Израиль президенті болған. Сонымен қатар, ол кей жылдары елдің қорғаныс министрлігін, қаржы министрлігін, байланыс министрлігін, ІІМ, СІМ және басқа да мекемелерін басқарған.

1994 жылы оған премьер-министр Ицхак Рабин, Палестина жетекшісі Ясир Арафатпен бірге Нобель сыйлығы берілген.