Құрылысқа салынған қазіргі мораторийдің мерзімі қыркүйектің 30-ында аяқталады және Израиль басшылығы оны әрі қарай ұзартпайтынын бірнеше рет мәлім етіп үлгерді.
Мәжіліске қатысушылардың мәлімдеме жобасының мәтінімен «Рейтер» агенттігі таныстырып отыр. Құжатта атап көрсетілгендей, «өткен жылдың қараша айында Израиль құрылыс жұмыстарына енгізген және «қолдауға тұрарлық» мораторий, Израиль мен палестиналық тарап келесі жылға бейбіт келісім жасауға талпынып отырған кезде, Таяу Шығыстағы ахуалға «өзінің оң әсерін тигізіп отыр». «Төрттік» мораторийдің күшін әрі қарай ұзартуға үндеп отыр.