Өткен жылы көктемнің басында АҚШ пен Ұлыбритания әскери күштері Иордания, Египет және Франциямен бірлесіп, Газаға парашют арқылы ондаған мың дайын азық-түлік порциясын жеткізген болатын.
ХАМАС өкілдері, Газа тұрғындары және көптеген шетелдік көшбасшылар мен гуманитарлық және адам құқығын қорғау ұйымдары бірнеше айдан бері Израильдің азық-түлік жеткізуге шектеу қоюы салдарынан Газа халқына жаппай ашаршылық қаупі төніп тұрғанын айтып келеді. Көптеген жергілікті тұрғындардың қазірдің өзінде аштық көріп жатқаны күнде хабарланып жатыр.
Израиль бұл айыптауларды жоққа шығарып, азық-түлік жеткізу көлеміне еш шектеу қойылмағанын алға тартты.
Еске сала кетейік, бұған дейін БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Қауіпсіздік кеңесінің ашық отырысында сөйлеп, халықаралық міндеттемелердің өрескел бұзылуына алаңдаушылық білдіріп, Газа секторындағы гуманитарлық апаттың ауыр екенін атап өткен еді.