Израиль Газа секторына электр қуатын беруді тоқтатты

Фото: Фото: «Әзербайжан жаңалықтары» сайты

АСТАНА. KAZINFORM — Израилдің Энергетика министрі Эли Коэн жексенбі күні шұғыл Газаға электр қуатын беруді доғаруға бұйрық бергенін айтты, деп жазады «Әзербайжан жаңалықтары» сайты.

— Мен жаңа ғана Газа секторына электр қуатын беруді доғару жөнінде бұйырыққа қол қойдым. Біз кепілге алынғандарды босату үшін және соғыстан кейінгі күні Хамастың Газада қалмауын қамтамасыз ету үшін қолымыздағы барлық құралдарды пайдаланамыз, — деді Коэн видео үндеуінде.

Еске сала кетейік, Еуропа араб саммитінің Газа секторына қатысты шешімін қолдағанын жазған болатынбыз.

Бұған дейін Израиль Газа секторында электр қуатын сөндіріп, соғысты қайта бастауы мүмкін екені айтылған еді.