Арнаның мәліметінше, гуманитарлық үзіліс жексенбі күні жергілікті уақытпен сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін күшінде болады және Израиль армиясы белсенді әскери операция жүргізбейтін аймақтарда — Аль-Маваси, Дейр-эль-Балах және Газа қаласында күн сайын қайталанады.
«Израиль Қорғаныс армиясы гуманитарлық көмекті қамтамасыз етуді жалғастырады және қажет болған жағдайда лаңкестік ұйымдарға қарсы шабуылдарды кеңейтуге дайын», – делінген ресми мәлімдемеде.
Айта кетейік, бұған дейін Газа секторына гуманитарлық жүк парашют арқылы қайта жеткізіле бастағаны хабарланған болатын.