Израиль Газа секторында ұсталған 12 палестиндікті босатты
АСТАНА. KAZINFORM — Израиль Газада ұсталған, арасында екі әйел бар, 12 палестиндікті босатты. Бұл туралы Анадолы хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, Халықаралық Қызыл Крест комитетіне тиесілі автобус босатылғандарды Газа секторы аумағына жеткізген.
ХАМАС қозғалысына байланысты Тұтқындар жөніндегі ақпарат бюросының мәліметіне сәйкес, босатылған 12 адам Газа секторының орталығында орналасқан Дейр-эль-Балах қаласындағы «Әл-Ақса шейіттері» ауруханасына жеткізілген.
Израиль әскері тұтқындардың Халықаралық Қызыл Крестке қай жерде тапсырылғаны және олардың денсаулық жағдайы туралы ақпарат берген жоқ.
2023 жылдың 7 қазанында Газадағы қақтығыстар басталғалы бері Израиль кей кездері ұсталған палестиндіктерді босатып келеді. 2023 жылдың сәуірінде Палестиналық тұтқындар қоғамы Израиль мыңдаған палестиндікті өте ауыр жағдайда ұстап отырғанын, бұл әрекеттер олардың айтуынша, барынша зиян келтіру мақсатында жасалып жатқанын мәлімдеген болатын.
Айта кетелік Газа секторындағы ғимараттардың 90 пайыздан астамы қираған.