Израиль Газа секторының оңтүстігін эвакуациялауды бұйырды
14:42, 21 Желтоқсан 2023
Израиль билігі Газа секторының оңтүстігіндегі халықты дереу көшіруге бұйырды. Бұл туралы БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасына сілтеме жасап ТАСС мәлім етті, деп хабарлайды Кazinform.
«Израиль армиясы 20 желтоқсанда тұрғындары дереу эвакуациялануға жататын жаңа аумақты белгіледі. Бұл аумаққа Хан-Юнис қаласының орталық және оңтүстік бөліктерінің 20% кіреді», – делінген басқарманың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
Сондай-ақ осы аймақта Газа секторының солтүстік бөлігін тастап кетуге мәжбүр болған 141 мыңнан астам ішкі босқын пана тапқан 32 нысан орналасқан.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ХАМАС гуманитарлық үзіліс туралы Израиль ұсынысынан бас тартты.