Израиль Газа секторын бомбалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Израиль әскери ұшақтары Газа секторының солтүстік бөлігін бомбалады. Еврей әскерилерінің мәлімдеуінше, бұл әуе соққылары Палестина тарапы өз аумақтарына зымыран атқылағаннан кейін жасалған.

Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Газадағы бүлікші топтар атқан зымыран Израильдің оңтүстігіне құлап, тоқтап тұрған автобусты зақымдаған болатын. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Бұдан басқа Ашкелон қаласына қарай тағы бір зымыран атылған, бірақ оны Израильдің әуе шабуылына қарсы жүйесі қағып түсірді.