Израиль Газа секторына бірнеше әуе соққысын жасады

АСТАНА. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат - Израиль жұма күні кешке Газа секторындағы бірнеше нысанаға әуе соққысын берді, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Бұл соққыға Палестина аумағынан Израильдің Ашкелон қаласының аумағына жасалған зымыран шабуылы себеп болды, дейді дерек көздер. Ашкелонда зардап шеккен адамдар тіркелмеген.

Ал палестиналық дереккөздер, Газа секорында бірнеше жарылыстың болғанын хабарлауда. Шабуылдың салдарынан 9 адам жарақат алған. Олардың бәрі секторды бақылаушы ХАМАС тобының қауіпсіздік қызметкерлері болып табылады.

Кейіннен мәлім болғандай, Израиль тарабы ХАМАС-тың полиция бөлімінің жаттығу кешенін нысанаға алған екен.