АСТАНА. ҚазАқпарат - Израиль армиясы палестиндік содырлар гуманитарлық бітімгершіліктен бас тартқаннан кейін зымыранмен атқылауын доғармаса, Газа секторына қарсы әуеден, жерден және теңізден әскери іс-қимылдарды қайта жандандыруға дайын екендігін мәлімдеді, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Израиль билігі БҰҰ-ның 24 сағатқа бітімгершілік туралы ұсынысын қабылдағанымен ХАМАС тобы тарабынан аталған ұсыныс бұзылған жағдайда әскери іс-қимылдарды қайта жандандыруға дайын екендігін ескертті.
Бұған дейін ХАМАС басшылығы израильдік әскер Газадан кетіп, сектордың тұрғындары өз үйлеріне оралғанға дейін бітімгершілікке келіспейтіндігін мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, Израиль мен Газа секторы арасындағы жаңа жанжал басталған 8 шілдеден бері мыңнан астам палестиндік және 46 израильдік қаза тапты.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.