Израиль Газа секторындағы қақтығыс бойынша БҰҰ қарарын қабылдаған жоқ

АСТАНА.  Қарашаның 6-сы.  ҚазАқпарат -   Израильдықтар мен палестиндіктер арасында  жақында  Газа  секторында орын   алған  қақтығыстар  барысындағы әскери қылмыстар  мен  айыптауларды   тексеруге   шақырған  БҰҰ Бас Ассамблеясының  қарарын  Израиль қабылдаған  жоқ,

  деп   хабарлайды   «Азаттық»  радиосы.

Израиль басшылығының  пікірінше,  дауыс  беру кезінде  18 елдің өкілі  құжатқа  қарсы  дауыс бергені  және тағы 44 өкілдің  - қалыс қалғаны,    қарар  шешімнің  «моральдық   қолдауының» жеткіліксіздігін көрсетсе керек.

Қарар    қақтығыс  барысында  екі  тарап та  жол берген  қылмыстар туралы  айтылған  БҰҰ арнайы комиссиясының    баяндамасына   негізделіп  отыр.   Ол   құжатта Израильдің  атына айтылған сын-ескерту   қатаңдау      болып еді.