Дәстүр бойынша жеміс толы дастархан жайылып, оған міндетті 12 түрлі тағам қойылады. Мерекелік дастарханның негізгі мәзірі арнайы пісірілген наннан басталады. Олар нанның бір тілімінен кейін алманы балға малып жейді. «Жаңа жыл жақсы әрі жайлы болсын», - деп тілек тілейді.
Рош Ха-Шана мейрамында дастарханға кез келген тағам қойылмайды. Мерекелік ас мәзірінен дәм татқанда айтылатын тілек де әртүрлі. Мәселен, анарды ауызға алғанда осы жемістің дәніндей жетістігіміз де көп болсын деп ырымдайды.