Осы уақытқа дейін Израиль түрмелерінен 117 палестиналық тұтқын босатылды. Тағы 40 адам 27 қарашада шығарылады деп жоспарланған. Сонымен қатар Израильдің еврей мемлекеті мен содырлар арасындағы келісім аясында түрмеден босатылатындар тізімінде тағы 150-ге жуық адам бар, деп жазады The Times of Israel газеті.
Бұған дейін Израиль мен ХАМАС арасында 27 қарашада босатылатын кепілге алынғандар мен палестиналық тұтқындар тізіміне қатысты келіспеушілік туындағаны хабарланған болатын.
Израиль мен ХАМАС арасындағы бітімге және тұтқын алмасуға араша болған Катар бұл мәселені шешуге тырысып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Израиль мен ХАМАС арасында Катардың араласуымен қол жеткізілген төрт күндік бітім аясында тұтқын алмасу ісі жүріп жатыр. Кеше тараптар арасындағы келісім аясында тұтқындардың үшінші легі бостандыққа шықты.