Израиль ХАМАС-пен соғыс үшін қанша шығын жұмсайды – Орталық банк болжамы

Израиль ХАМАС-пен қазіргі соғысқа жылына шамамен  197 млрд шекель (53 млрд долларға жуық) жұмсайды. Мұндай болжамды дүйсенбіде елдің Орталық банкі жариялады. Kazinform бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Израиль қорғаныс күштері

Бұл сомаға қорғанысқа жұмсалатын шамамен 107 млрд шекель (28,9 млрд доллар), өтемақы жасауға жұмсалатын 22 млрд шекель (5,9 млрд доллар) және басқа азаматтық шығындарды өтеу үшін 25 млрд шекель (6,8 млрд доллар) кіреді.

Болжам бойынша, мемлекеттік қарыз пайызы 8 млрд шекельге (2,16 млрд доллар), ал қақтығыс салдарынан салық түсімдерінен айырылу 35 млрд шекельге (9,46 млрд доллар) бағаланып отыр.

Бұл болжам қақтығыстың Израиль экономикасына тікелей әсері 2024 жылға дейін сақталады деген алғышартқа сүйеніп жасалды.