Олардың айтуынша, Израиль қаласы үстінен төнген зымыранды палестиндік ХАМАС исламшыл тобы жіберген. Осыдан кейін жанжалдасушы тараптар бірін-бірі зымыран соққысының астына алды. Израиль қашықтан соққыны Ливан мен Сирия шекарасы арқылы жасады. Өйткені, исламшылар дәл осы елдердің аумағынан шабуылдаған.
Айта кетерлігі, Палестинаның денсаулық сақтау министрлігі Израильдің Газа секторын атқылауы салдарынан соңғы апта ішінде 172 адамның мерт болғанын жария еткен еді. БҰҰ мәліметтеріне қарағанда, бүгінде 17 мыңға жуық палестиндік мектептерге жасырынып отыр.