Израиль ХАМАС жетекшісі Исмаил Ханияны өлтіруге қатысы бар екенін мойындады

Фото: Фото: ИРНА

АСТАНА. KAZINFORM – Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац 2024 жылы шілдеде Тегеран Израиль билігінің ХАМАС саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияны өлтіруге қатысы бар екенін алғаш рет мойындады, деп хабарлайды Kazinform BBC-ге сілтеме жасап.

Кац йемендік хуситтер тарапынан Израильді атқылаудың жалғасуына қатысты пікір білдірді.

- Тегеранда, Газада және Ливанда (Исмаил) Хания, (Яхья) Синвар және (Хасан) Насралламен болғандай, Ходейда мен Санада да солай істейміз, - деді ол осы жылы өлтірілген Ливанның басқа екі басшысы туралы айтып.

Еске сала кетсек, палестиналық ХАМАС қозғалысы саяси бюросының жетекшісі Исмаил Хания 31 шілде күні таңертең Тегеранда өлтірілді.

Ислам революциясы Сақшылар корпусы таратқан мәлімдемеге сенсек, Исмаил Хания мен оның оққағары Тегерандағы резиденциясына жасалған шабуылдан кейін мерт болған.

Ал қазан айында ХАМАС көшбасшысы Яхья Синвар Газада өлтірілді.

Қыркүйекте «Хезболла» қозғалысы өз жетекшісі Хасан Насралланың өлтірілгенін растады.