The New York Times газетінің мәліметінше, табиғи апат өткен демалыс күндері штаттың бірнеше аймағын қамтып, нөсер жауынмен бірге қатты жел де соққан.
Батыс Вирджиния штатының губернаторы Патрик Моррисси бес адамның қаза тапқанын, тағы үш адамның із-түзсіз жоғалғанын растады. Сондай-ақ су тасқыны салдарынан бірнеше ғимараттың қирағанын мәлімдеді.
Штаттағы іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Оған дрондар, кинологиялық топтар және жедел қызмет өкілдері жұмылдырылған.
АҚШ-тың Ұлттық метеорологиялық қызметі кенеттен болатын су басу қаупіне байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырды. Зардап шеккен аудандарда төтенше жағдай режимі енгізілді.
Осыған дейін хабарланғандай, ғалымдар Калифорнияда алдағы жылдары жойқын жер сілкінісі болатынын ескертті.