Израиль иран телевизиясының штаб-пәтеріне соққы жасады

Фото: видеодан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM – Израильдің Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) Иранның мемлекеттік телеарнасының редакциясы орналасқан ғимаратқа соққы жасады. Жергілікті телеграм-арналар жанып жатқан ғимараттың көрінісінен видеолар жариялап жатыр. Ол жерде қою түтін көкке көтерілген, зардап шеккендер бар, деп хабарлайы ВВС.

Соққы жасалған сәт телеарнаның тікелей эфиріне түсіп қалған. Алдымен жарылыс Тегеранның жалпы көрінісімен бірге экранның сол жағында пайда болды, кейін студиядан трансляция жүріп жатқан оң жағынан көрсетілді. Экран сөніп, қағаздар шашылып жатты, жүргізуші қашып шықты. Бір сәтте кадрда шаң-тозаң пайда болып, кадр үзілді.

Осы оқиғаның алдында ЦАХАЛ телеарнаның редакциясы орналасқан Иран астанасының округіне соққы жасайтынын ескертіп, округ тұрғындарын ол жерден кетуге шақырған.

Times of Israel басылымы Израиль Қорғаныс министрі Исраэль Кац-тың сөзін келтірді. Онда ЦАХАЛ ескерту жасаған соң «Иран пропагандасы мен арандатқышының жойылуға таяу» екенін мәлімдеген.

Бұған дейін Ираннан 30-дан астам өзбекстандық эвакуацияланғаны туралы жаздық.