Мәлім етілгендей, келіссөздер тығырыққа тірелгендіктен Израиль осындай шешім қабылдаған.
Биньямин Нетаньяху кеңсесі келіссөз жүргізетін командаға Дохадан Израильге қайтуды бұйырған. Олардың сөзінше, ХАМАС келісімдегі өз міндетін орындамаған. Олар бекітілген тізімдегі барлық бала мен әйелді босатуы қажет болатын.
Газа секторындағы атысты уақытша тоқтату туралы алғашқы келісім 24 қараша, жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 6.00-де күшіне енген еді. Кейін бітім туралы уағдаластық тағы екі күнге солзылды.
Бітім мерзімі аяқталып, тұтқындармен алмасу жасалған соң, Израиль армиясы Газа секторындағы соғыс қимылдарын қайта бастайтынын мәлімдеді.