— Ливанда біз қауіпсіздік аймағын құрдық және оны террористік инфрақұрылымнан тазалап жатырмыз. ЦАХАЛ Израиль мемлекетінің қауіпсіздігіне жауап береді. Ұзақ мерзімді қауіпсіздік қамтамасыз етілмейінше, біз қауіпсіздік аймағынан шықпаймыз, — деді Замир.
Оның мәлімдемесін армияның баспасөз қызметі таратты.
Сонымен қатар оның айтуынша, Израиль қажет болған жағдайда операцияларды тереңдетіп, Ливандағы қосымша аумақтарға жетеді. Қазір ЦАХАЛ Ливанда, Сирияда, Газа секторында, Иордан өзенінің Батыс жағалауында және басқа да аумақтарда операция жүргізіп жатыр.
— Бірнеше майдандағы операцияларымыз әлі аяқталған жоқ. Біз жағдайдың өзгеруіне және түрлі сценарийлерге дайынбыз, — деді Замир.
Айта кетейік, Израиль әскері Ливанның оңтүстігін артиллериямен атқылады.