Израиль мен АҚШ бірлесіп Иранға қарсы операция бастады — Нетаньяху
АСТАНА. KAZINFORM — Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Иранға қарсы Израиль мен АҚШ-тың бірлескен операциясы туралы мәлімдеме жасады.
Ол операцияның мақсаты — Иран үкіметінен туындаған «өмірлік қатерді» жою және Тегеранның ядролық қаруға ие болуын болдырмау екендігін айтты. Сонымен қатар, Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трампқа қолдауы үшін алғыс білдіріп, бұл әрекеттердің үйлесімді түрде жүзеге асып жатқанын атап өтті.
Израиль үкіметінің басшысы сондай-ақ қабылданып жатқан шаралардың иран халқына өз болашағын анықтауға мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Сонымен бірге Нетаньяху Израиль азаматтарына операция кезінде «Львиный рык» командалық әрекеттеріне қатысты қауіпсіздік нұсқауларын қатаң сақтауды, шыдамдылық пен ішкі тұрақтылықты көрсету қажеттігін ескертті.
Еске сала кетейік, Израиль бүгін Тегеранға «превентивтік соққы» жасады. Бұл туралы Израильдің Қорғаныс министрі Исраэль Кац мәлімдеді.
Осы жағдайға байланысты әуе кеңістігі жабылғаннан кейін ұшақтар Иранды айналып өтуге мәжбүр болды.
Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Алматы мен Астанадан ұшып шыққан ұшақтар кері оралатыны белгілі болды.
Иран Израильге қарымта жауап ретінде бірнеше зымыран жіберді.