НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Израиль сейсенбі күні Біріккен Араб Әмірліктерімен еркін сауда туралы келісімге қол қойды. Бұл оның араб елімен жасалған алғашқы келісімі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.
«Тарихи» келісім өткен жылы шамамен 900 миллион долларға жеткен екіжақты сауда қатынастарындағы өнімнің 96% - ына кедендік баждарды алып тастайды.
Айта кету керек, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың басшылығымен 2020 жылы БАӘ мен Бахрейннің Сыртқы істер министрлері Израильдің бұрынғы премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен бейбіт келісімге қол қойды. Бұл олардың елдері арасындағы дипломатиялық қатынастарды қалыпқа келтірді.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.