Израиль мен ХАМАС арадағы жанжалға бір-бірін кінәлап отыр
Еврей мемлекетінің премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Израиль армиясының радикалдардың Газа секторындағы инфрақұрылымына, атап өткенде ХАМАС тоннельдеріне айтарлықтай соққы салғанын мәлімдеді.
«Сіз де білесіз, мен де оны білемін. Израиль бұған шыдамайды. Біз бұл шабуылдарға (Газа секторынан) жауап бердік және Израиль азаматтарының қауіпсіздігі толық қалпына келмейінше осылай жауап беретін боламыз», - деді Израиль үкімет басшысы.
Катар астанасы Доха қаласында Израильге қарсы акцияға қатысқан ХАМАС көшбасшысы Исмаил Хания аймақта болған оқиғаға жауапкершілікті Израильдің өзіне жүктеді.
«Бұл қылмыстық армия F-16 ұшақтарымен әйелдер мен балаларды өлтіріп келеді. Олар халық қарсылығын ұстап тұра аламыз деп ойлады», - деді ол.
Палестиналық тараптың мәліметінше, жанжалдың алты күнінде 149 адам өлтірілген, соның ішінде 41 бала болды.
Израиль қаза тапқан 10 адам туралы хабарлады. Оның арасында екеуі – бала.
Қақтығыстар мен тәртіпсіздіктер Иорданның Батыс жағалауында да тоқтамай жатыр.
Вифлеемде палестиналық арабтар «Апаттар күнін» (Накба) атап өтетін 15 мамырда наразылық білдірушілер мен израильдік арабтар арасында қақтығыс болған.
Әскерилер тас лақтырғандарды көзден жас шығаратын газ сеуіп таратып жіберді.