Израиль мен ХАМАС келісімі аясында кепілдіктегі адамдардың алғашқы тобы жұма күні босатылады

Фото: Анадолы агенттігі

Катар Сыртқы істер министрлігі Израиль мен ХАМАС арасындағы атысты тоқату туралы 4 күндік режим жұма күні басталады, сол күні алғашқы 13 адам кепілдіктен босатылады, деп хабарлайды Kazinform Al Jazeera телеарнасына сілтеме жасап.

Катар Сыртқы істер министрлігінің өкілі Маджед аль-Ансари келісім шарттары бойынша жақын күндері Газа тұрғындарына гуманитарлық көмек жеткізілетінін де жеткізді.

Газа секторында атысты тоқтату режимі 24-қараша, жұма күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де күшіне енеді.

Ол сондай-ақ катарлық келіссөз жүргізушілерге кепілден босатылатын Израиль мен Палестина тұрғындарының тізімі берілгенін жеткізді.

ХАМАС жұма күні атысты тоқтатып, кепілдегі адамдар босатылатынын растады.

Айта кетейік, Катар Израиль мен ХАМАС арасында келіссөз жүргізуші мемлекет болып отыр. Сәрсенбі күні Израиль үкіметі АҚШ пен Катардың ХАМАС қозғалысымен жүргізген Газа секторындағы кейбір Израиль азаматтарын тұтқындағы палестиналықтармен айырбастап, атысты тоқтату туралы келісімді мақұлдады.

Кешірек Израиль мен ХАМАС кепілдегі 50 адам мен көптеген палестиналық тұтқындарды босатып, бірнеше апта бойы үздіксіз жүрген соғыстан әбден қиналған Газа тұрғындарының 4 күнге татуласуы туралы келісті.