Израиль мен Ливан Израиль әскерін шығару келісімін 18 ақпанға дейін ұзартты

Фото: Фото: x.com / @idfonline

АСТАНА. KAZINFORM – Жексенбі күні Ақ үй Израиль мен Ливан билігі Израиль әскерін Ливан аумағынан шығару мерзімі туралы келісімді 18 ақпанға дейін ұзартуды келіскені туралы мәлімдеме таратты, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 

- АҚШ бақылауындағы Ливан мен Израиль арасындағы келісім 2025 жылдың 18 ақпанына дейін күшінде болады. Ливан, Израиль және АҚШ үкіметтері сондай-ақ 2023 жылдың 7 қазанынан кейін ұсталған ливандық тұтқындарды қайтару туралы келіссөздерді бастайды, - делінген мәлімдемеде.

Атысты тоқтату туралы 60 күндік келісім 27 қарашада күшіне енді. Оның шарттарында Израиль 27 қаңтарға дейін Ливанның оңтүстігінен өз әскерін толығымен шығаратыны көзделген.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесінің жұма күні хабарлауынша, Израильдің Ливанның оңтүстігінен әскерін шығаруы белгіленген мерзімнен кейін жалғасатынын мәлімдеді, өйткені ливандық тарап келісім шарттарын әлі толық орындамаған: шекаралық аймақтар Ливан армиясына берілуі және «Хезболла» қозғалысының қарулы күштері Литани өзенінің арғы жағына шегінуі тиіс.

Осмыған дейін Израильдің Ливаннан әскерін шығару үшін қосымша 30 күн сұрағаны туралы жаздық.