Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс ушығып тұр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Израиль-Палестина арасындағы қақтығыс ушығып тұр. Бүгін Израиль азаматына шабуыл жасамақ болған 3 араб оққа ұшты.

Бұл туралы 24.kz хабарлады.

Осындай шабуыл жасамаққа әрекеттенген тағы бір Палестина азаматшасы өлім аузында жатыр. Өзіне қауіп төнгенін ұққан Израиль тұрғыны қалтасынан тапаншасын алып, қызды сұлатып түсірген. Мұндай оқиғалар қазан айынан бері болып жатыр. Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Шығыс Иерусалимде жасалған шабуылдардан 50-ге жуық адам көз жұмған. Аймақтағы жағдайдың бұлай ушығуына Тель-Авивтің палестиналықтарға Әл-Ақса мешітіне кіруге тиым салуы себеп болып отыр.