Қауіпсіздік қызметтерінен мәлім еткеніндей, күшейтілген шаралар араб халықтары тұратын барлық елді мекендерде қабылданбақ, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Әсіресе, Иерусалимде тәртіпті сақтауға айрықша назар аударылады. Атап айтқанда, қалаға кіреберіс жерлердің барлығына блок-посттар орнатылады, ал тәртіп сақшыларының саны 4 мыңдай адамға жетеді. Әл-Ақса мешіті орналасқан Храм тауына мұсылмандардың баруына шектеу енгізіліп отыр. Ол жаққа тек жасы 50-ден асқан және израиль азаматтығы бар ер азаматтарға және кез келген жастағы әйелдерге рұқсат етілген. Ал мұсылман еместерге тауға шығуға тыйым салынған.