Ел премьер-министрі Бенямин Нетаньяху дуалды тұрғызумен қатар, шекарада қосымша әскерлер орналастыруды және шекара бұзушыларды уақытша жайғастыру орталығын салуды ұсынып отыр.
08:10, 28 Қазан 2010
Израиль Мысырмен арадағы шекараға қоршау салмақ
АСТАНА. Қазанның 28-і. ҚазАқпарат - Қараша айында Израиль Мысырмен арадағы шекараны бойлай қоршау сала бастайды. Заманауи бақылау жүйелерімен жарақталатын бұл дуал Африка елдерінен ағылған босқындар мен контрабандашыларға тосқауыл болуы керек. Қоршаудың құрылысы Израиль үкіметіне 1 миллиард шекельге - 300 миллион долларға түскелі отыр, деп хабарлайды «Эхо Москвы» радиостансасы.