Рамазан айы бойына Рамалла мен Женинге кіреберістегі бақылау-тексеру бекеттерінің жұмыстары, сондай-ақ Иорданиямен шекарадағы «Алленби» бекетінің жұмысы түннің бір уағына дейін ұзартылады. Сондай-ақ Израиль арабтарына Женин мен Вифлеемге күннің жарық мезгілінде баруға, рұқсат беріледі, ал Израильде туыстары бар палестиналықтарды Израиль аумағына бір аптаға кіргізеді. Иерусалимдегі Храм тауындағы Әл-Ақса және Жартас күмбезі мешіттеріне 50 жастан асқан ер азаматтар мен 45 жастан асқан әйелдер жіберілетін болады.
Рамазан - ораза айы болғандықтан, министр Израиль әскерилеріне «құрметтерін және түсіністіктерін көрсету үшін» мұсылмандардың көз алдында тәуліктің жарық мезгілінде «тамақ ішіп-жеуден» тартынуды бұйырып отыр. Сондай-ақ жауынгерлерге қасиетті Рамазан айындағы басқа да мұсылман ережелері жазылған кітапшалар таратылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.