БАҚ хабарлауынша, бұл тараптардың, соның ішінде келіссөздер жүргізуде делдал болған Катардың келісімнің егжей-тегжейін реттемеуіне байланысты болды.
Бұған дейін белгілі болғандай, Израиль түрмелерге қамаған 150 әйел мен жасөспірімді босатуы, ал ХАМАС содырлары 7 қазанда тұтқынға алған 50 әйел мен баланы босатуы тиіс еді.
Премьер-министр Биньямин Нетаньяху жұртшылықты бұл келісімнің дұрыс шешім болғанына сендіруге тырысты.
«Тұтқындарды қайтару бойынша әскери операция барлық жағдайда мүмкін емес. Сондықтан біз күтпейміз. Біз тұтқынға алынған азаматтарымызды босату үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланудамыз. Себебі оларды қайтару – киелі миссия. ЦАХАЛ және қауіпсіздіктің барлық қызметтері бұл жоспарды толық қолдап отыр», - деп мәлімдеді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.
Израиль төрткіндік бітімгершілікті күтіп жүріп Газа және оның сыртында құрлықтағы және әуедегі операциясын жалғастырып отыр.
Хабарланғандай, кеше Ливанның оңтүстігінде «Хезболлах» элиталы арнайы жасағының командирі Сарадж Шахими өлтірілді.
Нетаньяху бітімгершілік аяқталған соң ХАМАС және оның одақтастарына қарсы соғыс қимылдары «абсолютті жеңіске» дейін жалғастырылатынына уәде берді.
Газаның ХАМАС қозғалысы басқарып отырған Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, израильдік науқан салдарынан Палестинаның 14 мыңнан астам азаматы мерт болды, соның ішінде 5 мыңы – балалар.