Израиль полициясы 20 жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысын енді ашты

ИЕРУСАЛИМ. ҚазАқпарат – Осы аптада Израиль билігі Маргарита Левидің жұмбақ өліміне байланысты қылмыстық іс 20 жылдан кейін ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат TPS-ке сілтеме жасап.

Фото: ISRAEL POLICE

Бұл Ұлттық сот медицинасы институтындағы зертхана директоры, дәрігер Нурит Бобалил мен сарапшылар тобы жүргізген ДНҚ сынақтарының нәтижесінде мүмкін болған.

Полиция бейсенбіде жиырма жыл бойы ашылмаған іске қатысты күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Олар Яффо қаласының тұрғыны, 51 жастағы Сами Абу әл-Асалға айып тақпақ ниетте.

2003 жылы 19 маусымда Эйлат қаласындағы саябақта Ашдод қаласының 21 жастағы тұрғыны Маргарита Левидің көрпеге оралған денесі табылған болатын. Қызды зорлап өлтірген.

Жылдар бойы тергеушілер Левидің денесінің айналасында табылған дәлелдемелерден ДНҚ профилін алу үшін бірнеше рет әрекет жасағанмен, нәтиже болмады, деп жазады Jerusalem Post.

ДНҚ алу технологиясының соңғы жетістіктері тергеушілерге табылған дәлелдерді қайта тексеруге мүмкіндік берді. Белгілі болғандай, қызды өлтірген кезде 51 жастағы күдікті Эйлатта болған, қазір Яффода тұрады.

Полиция күдіктіге қатысты 10 айлық жасырын тергеу жүргізіп, мамыр айында қамауға алды.