деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан басшысының жеке басы туралы мынаны айтқым келеді. Қаланы жаулап алғаннан гөрі, салған дұрыс деген сөз бар. Қандай да бір нәрсені жаулап алғанда қару-жарақты пайдаланасың, ал салған кезде адами әлеуетті пайдаланасың. Мен Қазақстан Президентін біздің буынның ұлы сәулетшілерінің бірі деп есептеймін. Ол тәуелсіз мемлекетті құруда, ол өз елінің тамаша әрі жаңа астанасын салды, ол Қазақстанның болашағын қалыптастыруда», деді Ш. Перес бүгін Ақордада өткен жоғары деңгейдегі келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында.
Ш. Перес Н. Назарбаевты тек қана саясаткер, сәулетші емес, сонымен бірге әртүрлі мемлекеттермен өзара қарым-қатынастарды дамытып жатқан тұлға ретінде санайтынын айтты. «Жаңа мемлекетті құру өте қиын екенін мен білемін. Өткен замандардан келе жатқан барлық «шөгінділерді» еңсеру қажет. Соншалықты ықпалды көршілердің ортасында тұрып бір мезгілде тәуелсіз мемлекетті құру оңай шаруа емес», деді Ш. Перес.