Израиль президенті кеңес өтіп жатқан кезде есінен айрылып қалды

АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат - Израиль Президенті Шимон Перес Тель-Авивтегі Ицхак Рабин орталығында жас жетекшілермен кеңес өткізіп жатқан кезде есінен танып, еденге құлап түсті,

деп хабарлайды РБК агенттігі.

Саясаткер тез арада есін жинағанмен, оны ауруханаға жеткізді.

Дәрігерлердің айтуынша, бұған 86 жастағы саясаткерге күн ыстығы өтуі және қапырық бөлмеде ұзағырақ отырып қалғаны себеп болған. Талып қалғаннан кейін Ш.Перес қалыпты сөйлеп, ешкімнің көмегінсіз жүре алған.  

«Қан қысымы көтеріліп кеткен», - деді президенттің баспасөз хатшысы Айелет Фриш. Президенттің жеке дәрігері Рафи Вальдан Ш.Перес жексенбі күні-ақ өз міндетіне орала алады деген сенімін білдірді.

Ш.Перес - 1994 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты. Сыртқы істер министрі болып тұрған кезінде  палестиналық көшбасшы Ясир Арафатпен маңызды келісімдерге қол жеткізген авторлардың бірі. 2007 жылы оны парламент ел президенті етіп сайлады.