Израиль әскері 2025 жылғы 10 қазанда күшіне енген атысты тоқтату туралы келісімге қарамастан, Палестина анклавына шабуылдарын жалғастырып жатыр.
Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы бір тәулікте ауруханаларға 1 қаза тапқан адамның мәйіті мен 16 жаралы жеткізілген.
Ведомство дерегіне сәйкес, 2025 жылғы 10 қазаннан бері Израиль шабуылдары салдарынан қаза тапқандар саны 881 адамға жеткен. Осы кезеңде 2621 адам жараланған.
Сонымен қатар үйінді астынан 776 адамның денесі шығарылған.
2023 жылдың қазан айынан бері жалғасып жатқан шабуылдардан жараланғандардың жалпы саны 172 723 адамға жетті.
Газа секторындағы қираған ғимараттардың астында әлі де мыңдаған адамның мәйіті жатқаны мәлім болған.
Айта кетейік, Газада Израиль соққысынан ХАМАС командирі қаза тапқаны хабарланды.