«Израиль мемлекеті Қазақстан халқына Алматы қаласының маңында Bek Air Flight Z92100 ұшағының апатқа ұшырауына байланысты қайғырып, көңіл айтады. Зардап шеккендердің жылдам сауығып кетуін тілейміз»,-деп жазды өзінің Twitter-дегі парақшасында Израиль Сыртқы істер министрлігінің спикері Лиор Хаят.
«Айта кетейік, Қазақстанда 27 желтоқсан күні азаңда ұшақ апатқа ұшырап, соның салдарынан 12 адам мерт болды. Апаттан мерт болғандардың ішінде 2 Украина азаматы, Қытай, Қырғызстан мен Қазақстанның азаматтары болған. Апаттың салдарынан 60-қа жуық адам зардап шекті. Қазақстанда аза тұту күні жарияланды»,-делінген хабарламада.
Айта кетейік, 27 желтоқсан күні Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті.
Кейін 93 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты.
Қайғылы оқиғаға байланысты ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев апаттан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
Апаттың хронологиясын мына жерден оқуға болады.