Израиль тарапынан Сирияның оңтүстігіне жасалған операциядан 10-нан астам адам қаза тапты

Фото: Sana

АСТАНА. KAZINFORM — Дамаск Израиль әскерінің түнгі рейдін айыптап, оның мақсаты террористік топ мүшелерін ұстау болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Сирияның оңтүстігіндегі Бейт-Джин ауылында Израиль әскерінің операциясы барысында кемінде 10 адам қаза тапты. Бұл туралы жұма күні Сирияның SANA агенттігі хабарлады.

Израильдің Қорғаныс армиясы (ЦАХАЛ) мәлімдегендей, олардың алты әскери қызметкері «Аль-Джамаа аль-Исламия» қарулы тобының мүшелерін ұстау барысында жарақат алған. ЦАХАЛ өкілдері бұл қақтығыстар кезінде бірнеше террористің өлтірілгенін атап өтті.

The Times of Israel мәліметінше, операция жұма күні таңғы үш шамасында басталып, «Аль-Джамаа аль-Исламия» тобының екі мүшесін ұстауға бағытталған. Израиль әскерінің айтуынша, бұл адамдар бұған дейін Израильге қарсы ракеталық шабуылдар жасаған және Израильге шабуыл жасауға дайындалған.

Израиль әскерилері екі күдікті ұсталғаннан кейін олардың бөлімшесі атқылауға ұшырады, нәтижесінде Израиль авиациясының қолдауымен жауапты оқ атылды. Алты израильдік әскери қызметкер түрлі ауырлықтағы жарақаттар алды. ЦАХАЛ сондай-ақ Бейт-Джинде өздерінің әскерилерге тиесілі хаммерді жойды, оны жау күштері қолға түсірмеуі үшін.
ЦАХАЛ түнгі рейд аяқталғанын хабарлап, барлық күдіктілердің ұсталғанын және Израильге тергеу үшін жеткізілгенін, бірнеше террористің өлтірілгенін мәлімдеді.

Сириялық БАҚ таратқан мәліметке сенсек, Израильдің әуе соққыларынан 10-нан астам адам қаза тапты, оның ішінде балалар да бар, тағы бірнеше ондаған адам жарақат алған. Сирияның Денсаулық сақтау министрлігі 6 адамның мәйіті ауруханаға жеткізілгенін, ал тағы бірнеше мәйіттің эвакуациялау мүмкін болмағандықтан сол жерде жерленгенін хабарлады.

SANA агенттігінің мәліметі бойынша, Израиль күштері Бейт-Джинге кіріп, бірнеше адамды ұстаған, содан кейін әскери мен жергілікті тұрғындар арасында қақтығыстар болған.

— Сирия бұл әрекетті қылмыстық шабуыл деп айыптап, бейбіт тұрғындардың қазасына және зақымдануына әкелгенін мәлімдеді, — деп атап өтті Сирияның Сыртқы істер министрлігі.

Сириялық тарап артиллериялық оқ пен авиацияның қолданылғанын және тұрғындардың көршілес аймақтарға көшірілгенін хабарлады. Израиль әскерилері операцияның мақсаты — жоспарланған шабуылдарды, оның ішінде ракеталық соққыларды алдын алу болғанын атап өтті.

Айта кетейік, Израиль мен Сирия келіссөздерде ілгерілеушіліктерді хабарлады, бірақ келісім әлі жасалмады

Сирия Израильдің дрондармен жасаған шабуылынан кейін әскерилердің қаза тапқаны туралы мәлімдеді.

Десе де Израиль мен Сирия 25 жылдан кейін алғаш рет жоғары деңгейде келіссөздер өткізген еді, алайда шабуыл жасау әлі де тоқтар емес.