Атап айтқанда, Израиль тарапы Ресей мен Қазақстаннан туристерді көптеп тартуға үміттеніп отыр. Яғни, бұл ел өздерінің демалыс орындарын Мысыр мен Түркияның курорттарына балама ретінде ұсынуда.
Елшінің сөзіне қарағанда, 2015 жылы Израиль азаматтары Қазақстанға кіру бағытында 4500 виза алған көрінеді. Ал Израиль тарапы Қазақстан азаматтары үшін 8000 виза шамасында берді.
Айта кетейік, Израильдің туризм министрлігінің деректері бойынша 2015 жылы бұл елге 2,9 млн. астам турист келген, бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 5 пайызға артық. Осы ретте Израильге АҚШ азаматтары көбірек сапарлаған, яғни 586 мың адам барды, Франциядан - 277 мың мейман сапарлады. Бұдан кейінгі орында Германия, Ұлыбритания және Украина тұр.